basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Жыл соңына дейін жаңа қоғамдық көлік бағыттары қосылады

Қараша 5, 2020
in Қоғам
0
Шымкент: Жыл соңына дейін жаңа қоғамдық көлік бағыттары қосылады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында шалғай орналасқан елдімекендерде қоғамдық көлік мәселесін шешу мақсатында 17 қыркүйектен бастап Солтүстік саяжайға №108а автобусы тұрақты қызмет көрсетіп жатыр. Желтоқсан айында №45 автобус бағытының жұмысын 10 минут жиілікпен Солтүстік саяжайға ұйымдастыру жоспарлануда екен.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау барысында мәлімдеді. Қалаға жыл соңына дейін 600-ге жуық газбен жүретін автобус алынатындығын айтты.

Сондай-ақ, бүгінгі өткен онлайн қабылдауда азаматтар негізінен әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй және жер құжаттарын рәсімдеу бойынша сауалдарын ортаға салды.

Қала тұрғыны Эльмира Мамедова Республика даңғылы бойындағы «Эмиль» сауда үйінің алдындағы автотұрақ мәселесі бойынша шағымданды. Айтуынша, сауда үйіне келушілер мен жол жөндеу жұмыстарының барысында жол кептелісі орын алуда.

-Республика даңғылында жол жөндеу жұмыстары толығымен келер жылы аяқталады. Республика даңғылын орташа жөндеу жұмыстары аясында жол қозғалысы ережесінің талаптарын сақтай отырып Сіз сұрап отырған учаскеде автотұрақ ұйымдастырылады, – деген қала әкімі бұл бағыттағы жұмысты 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында жүргізу жөнінде сала басшысына тапсырма берді. Әрбір тұрғынның  мәселесін жіті тыңдаған шаһар басшысы барлығы заң жүзінде шешілетінін жеткізді

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновшымкентқоғамдық көлік
Previous Post

Мұрат Әйтенов: Халық ақшасы - халыққа жету керек

Next Post

Шымкентте білім нысандарының құрылысы аяқталуға жақын

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі