basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкент: «Достастықтың опера жұлдыздары» онлайн-фестивалі мәресіне жетті

Қараша 7, 2020
in Мәдениет
0
Шымкент: «Достастықтың опера жұлдыздары» онлайн-фестивалі мәресіне жетті
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы»  жылы аясында 2020 жылдың 15-31 қазан   аралығында «Достастықтың опера жұлдыздары» онлайн-фестивалі өтті.

Фестивальге Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы және елімізден жалпы 11 опера орындаушысы қатысты.

Фестиваль классикалық музыканың биік шыңы саналатын опера өнерін әлеуметтік желі тыңдаушылары арасында насихаттау, ТМД елдері арасында мәдени ынтымақтастық ауқымын кеңейту және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай әндерін кеңінен тарату мақсатында өтті.

Опера орындаушылар фестивалінде Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Татарстан Республикасының Халық әртісі Агади Ахмет, Өзбекстан Республикасынан Халықаралық байқаулардың лауреаты Бегзод Садыков, Қазақстаннан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Айдос Иманжаппаров,  Гүлдана Алдадосова, Мақсат Мақұлбеков, Олеся Скорикова, Назым Сағынтай, Сұлтан Бақытжан, Нұрқанат Тапиев, Айбек Қанатбек әлемдік классик композиторлардың үздік әндері мен Абай Құнанбайұлының  әндерін өздерінің ерекше  үнімен  тыңдаушы қауымды тәнті етті.

Онлайн-фестивальге қатысушылардың бейне өтінімдері 31 қазанға дейін қабылданып, бүгінгі күнге дейін әлеуметтік парақшаларда жарияланып, көпшіліктің қолдауы мен қошеметіне бөленді.

Фестиваль қорытындысы бойынша  қатысушылар қала әкімінің арнайы дипломына ие болып және 2021-2022 жылдар аралығында карантин режимі аяқталғаннан кейін ерекше өнер көрсеткен өнерпаздар Шымкент (Қазақстан) қаласында өтетін халықаралық іс-шараларға шақырылатын болады.

Tags: 3 мегаполис«Достастықтың опера жұлдыздары»Мұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте Адырбеков көшесінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Next Post

Шымкентте коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі