basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Шымкент: Заңсыз құрылысқа жол жоқ!

Қараша 7, 2020
in Әлеумет
0
Шымкент: Заңсыз құрылысқа жол жоқ!
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нұрсат шағын ауданындағы №218 үйдің жанынан салынғалы жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды.

«Комфорт building» құрылыс компаниясының қазіргі уақытта сараптамадан өтіп жатқан жобалық-сметалық құжаты жоқ екені белгілі болды.

Сонымен қатар, сараптаманың оң қорытындысынан басқа құрылыс салушы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының рұқсат алуы, осы мемлекеттік органға жұмыстардың басталғаны туралы хабарлауы, авторлық және техникалық қадағалау туралы шарт жасасуы қажет еді.

Осыдан кейін ғана құрылысты бастауға болады. Ал бұл құрылыс компаниясында жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы жасалмаған болып шықты.

Сондықтан заңсыз құрылысты тоқтатып, құрылыс салушыға 2 млн теңге айыппұл салынды.

Бұл жер телімі құрылысты салушыға айырбастау арқылы өткен. Құрылыс нормалары бойынша аталған жер теліміне биік қабатты нысан салуға сәйкес келмейді. Себебі көп қабатты үйлерге қажетті арақашықтық кемінде 50 метр болуы керек.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов құрылыс алаңына барып, тұрғындардың уәжін тыңдады. Нәтижесінде ҚР Заңнамасына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Мұнда тұрғындардың өтініші бойынша гүлзары немесе әмбебап спорт алаңы салынады.

Tags: 3 мегаполисзаңсыз құрылысМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді

Next Post

Шымкент: Мұғалімдер олимпиадасында 30 ұстаз жеңімпаз атанды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі