basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте аулаларды абаттандыруда отандық құрылыс заттары қолданылуда

Қараша 10, 2020
in Билік
0
Шымкентте аулаларды абаттандыруда отандық құрылыс заттары қолданылуда
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында биыл 185 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй аулаларына жаңадан орындықтар, қоқыс жәшіктері, орындықтар, тренажерлық кешендер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері орнатылған.

Алаңдарды абаттандыруда отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында отандық өндірушілердің құрылыс заттары пайдаланылып жатыр. Атап айтқанда отандық өндіруші «Степ Парк Кз» ЖШС-нің заманауи элементтері үш жылдық кепілдемесімен қойылған.

Бұл жөнінде  Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 10 айда атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте баяндады.

-Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Строй.ком Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт түзіліп, 100 аула абаттандырылып тұрғындар игілігіне берілді. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» жобалары аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыдан 46, жергілікті бюджет тарапынан 36 қөпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды, – деді.

Сонымен қатар, аудан әкімі қалған аулаларды қайта абаттандыру үшін 100 үйдің ауласына сметалық құжаттамалар әзірленгенін жеткізді.

Tags: 3 мегаполисабаттандыруМұрат ӘйтеновшымкентӘл-Фараби ауданы
Previous Post

Шымкентте коронавирустың алдын алу бойынша 88 тікелей эфир ұйымдастырылған

Next Post

Шымкент : Ел игілігіне 45 спорт алаңшасы берілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі