basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте құс тұмауы ауруы тіркелген жоқ

Қараша 12, 2020
in Uncategorized
0
Шымкентте құс тұмауы ауруы тіркелген жоқ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Cтатистикалық мәліметке сәйкес,Шымкент қаласында 1 миллионнан аса үй құсы тіркелген, оның ішінде құс фабрикаларында 606 мың бас және 394 мың бастан аса құс жеке тұрғындардың аулаларында күтіп ұсталуда.

Құс тұмауы аруының алдын алу мақсатында жүргізілетін екпе жұмыстарына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Шымкент қаласына 201 903 доза екпе бөлінді. Аталған екпелер бірінші кезекте су  қоймаларға жақын орналасқан тұрғындардың үй құстарына егілді. Себебі, су қоймаларына ұшып келетін жабайы құстар құс тұмауы ауруының таралу қаупіне себепші болуы мүмкін.

Бүгінгі күнге дейін қала тұрғындары тарапынан Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының және «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның жедел байланыс нөмірлеріне келіп түскен хабарламаларға сәйкес, 10 орыннан  342 бас үй құсының өлген жағдайы тіркелген. Олар бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, 20 сынама алынып, ветеринариялық зертханаға жеткізілді.  Барлық сынама «теріс» нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, «Еуразия» бірінші телеарнасында көрсетілген Еңбекші ауданы Откорм совхоз бөлімшесі (Забадам) тұрғын алабы аумағында үй иелерінің айтуымен 100 шақты үй құсының өлуі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ветеринария саласындағы мамандар заң талаптарына сай жұмыстар атқарып, өлген үй құстарының құс  тұмауы ауруына тән емес клиникалық белгілерін растады.

ЯҒНИ,  БҮГІНГІ КҮНГЕ ДЕЙІН  ҚАЛА АУМАҒЫНДА ҚҰС ТҰМАУЫ АУРУЫ ТІРКЕЛМЕДІ ЖӘНЕ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ.

ЕСКЕРТУ: АУЛАҢЫЗДАҒЫ ҮЙ ҚҰСТАРЫҢЫЗДЫҢ ЖАППАЙ ҚЫРЫЛУЫ БАЙҚАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ТӨМЕНДЕГІ НӨМІРГЕ ХАБАРЛАСУДЫ СҰРАЙМЫЗ.

Байланыс телефондары: Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы  24-75-37, 24-75-18.

«Ветеринариялық қызмет» МКК 45-05-22, 45-05-05, 45-05-18.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисветеринарияшымкентқұс тұмауы
Previous Post

Нұрсәт шағын ауданында өрттен сақтанудың жолы түсіндірілді

Next Post

Шымкент : Еңбекші ауданында«Ашық әкімдік» кабинеті жұмыс істейді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі