basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : Еңбекші ауданы алдағы 3 жылда толық табиғи газбен қамтылады

Қараша 12, 2020
in Билік
0
Шымкент : Еңбекші ауданы алдағы 3 жылда толық табиғи газбен қамтылады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбекші ауданы тұрғындарының 96% сапалы ауыз сумен қамтылған. Қалған 4% қамту 2021-2022 жылдың жоспарына енгізілген. Ауданда жыл соңына дейін Бадам-1,2 тұрғын алабында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі. Ал, Абдуллабад тұрғын алабында ауыз су жүйесіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысын желтоқсан айының  15-не дейін аяқтау жоспарланған.

Бұл жөнінде Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте ауданды инфрақұрылыммен қамту туралы баяндады.

Аудан әкімінің сөзінше тұрғындарды сапалы электрмен қамту 93%. Жұмыспен қамту жол картасы аясында Жұлдыз, Жалын, Қарабастау тұрғын алаптарын электр жүйесімен қамту жұмысына бастапқы қаражат бөлініп, мердігер мекеме анықталған. Қазірде Жұлдыз тұрғын алабында құрылыс жұмысы басталып, жоба 2021 жылға өтпелі.

–Халықты мемлекеттік жүйедегі табиғи газбен қамту 87,7% болып отыр. Қалған жекеменшіктегі газ 2023 жылға дейін толық мемлекеттік жүйеге өткізіледі. Қазір Бадам тұрғын алабындағы 331 абонентті газбен қамтамасыз ету үшін құрылысына бастапқы 50 млн теңге қаржы бөлініп, ішкі орамға газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Нысан 2021 жылға өтпелі, -деді аудан әкімі.

Аудан әкімі өз баяндамасында тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту жөнінде де айтып өтті. Биыл Мирас, Шапағат-2, Ұлағат шағынаударында кәріз жүйесінің құрылысы басталып, 2021 жылы пайдалануға беріледі. Солтүстік-шығыс шағын ауданына жобалық сметалық құжат әзірленіп, келер жылы құрылысқа бюджеттік өтінім берілген.

 

 

Tags: 3 мегаполисЕңбекші ауданытабиғи газшымкент
Previous Post

Шымкент : Еңбекші ауданында салық түсімі 56 пайызға өскен

Next Post

Шымкент : Еңбекші ауданында 64 үйдің ауласы абаттандырылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі