basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент : Қаратау ауданында инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келеді

Қараша 12, 2020
in Қоғам
0
Шымкент : Қаратау ауданында инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп келеді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Ауданда инфрақұрылым мәселелері жоспарға сай шешімін табуда. Аудан бойынша 47 202 жеке тұрғын үй болса, оның 36 324 яғни, 77 %  тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылған. Қазіргі уақытта Азат шағынауданы мен Тассай, Достық, Өтеміс тұрғын алаптарын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталуға таяды. Нысандарды 2020 жылдың соңында тапсыру жоспарланып отыр. Асар-2, Достық, Тұран шағынаудандарын сапалы ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысандар 2021 жылға өтпелі. Аталған жұмыстар аяқталуына орай, сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 83,5 %  жетпек. Аудан аумағында ауыз сумен қамтуды қажет ететін 6 елдімекен бар. Олар:  Асар-2, Бозарық саяжайы, Қайнарбұлақ тұрғыналабы, Исфиджаб тұрғыналабы, Сайрам тұрғын алабы,  Қызылсу тұрғын алаптарының Жаңақұрылыс аумақтары.

Ауданда 34 833 үй, яғни 73,7 %  табиғи газбен қамтылған. Бүгінде Асар-2, Азат, Достық, Тұран шағынаудандарын табиғи газ жүйелерімен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар, Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен Тұран шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында магистральды газ құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі.

Сондай-ақ, 37 169 үй, яғни 78,8% қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансындағы, ал, 10 033 үй (21,2%)  жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда. Шапырашты және Өтеміс тұрғын алаптарын сапалы электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Азат, Асар-2, Қайтпас шағынаудандары мен Тассай тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Таскен тұрғын алабы мен Қайтпас шағынауданының ескі электр жүйелері «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында жаңартылуда.

 

 

Tags: 3 мегаполисАбзал ӘліқұловМұрат ӘйтеновшымкентҚаратау ауданы
Previous Post

М.Әйтенов: Қоғамды дамытуға әрбір жоба мен мәселелерді бірлесіп талқылауға дайынбыз

Next Post

Шымкент: 21 шақырымдық 14 көшеге шағал тас төселді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі