basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент: «Көкбұлақ» тұрғын алабы жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтылады

Қараша 18, 2020
in Билік
0
Шымкент: «Көкбұлақ» тұрғын алабы жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен қамтылады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов «Көкбұлақ» тұрғын алабына барып, тұрғындармен инфрақұрылым және интернет мәселесі жөнінде кездесу өткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесуге Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов пен қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз де қатысты.

Тұрғын алабтың сапалы ауыз сумен қамтуы туралы Нұрлан Жаманкөз баяндады. Оның сөзінше, жыл соңына дейін ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, құбыр тарту үшін қазылған жерлер толықтай мердігер мекеме тарапынан қайта қалпына келтіріледі.

Ал, цифрландыру басқармасының басшысы таяуда осы аумаққа базалық станция орнатылып, жыл соңына дейін интернет желісіне қосылатынын мәлімдеді.

Кездесу соңында аудан әкімі Бұхарбай Парманов тұрғындардың талап-тілектерін тыңдауға және оның орындалуын қамтамасыз етуге әрқашан дайын екенін жеткізді. Осылайша Абай ауданы әкімдігі Президент айтқан «Ашық әкімдік» жобасын жүзеге асыруда белсенділік танытуда.

Tags: 3 мегаполис«Көкбұлақ» тұрғын алабыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент қалалық өзбек драма театрының жаңа маусымы ашылды

Next Post

Абай ауданында салық түсімінің көлемі артқан

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі