basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шаңырақ» институтында көпбалалы аналардың мәселесі тыңдалды

Қараша 19, 2020
in Жаңалықтар
0
«Шаңырақ» институтында көпбалалы аналардың мәселесі тыңдалды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында денсаулық сақтау басқармасының және Еңбек, әлеуметтік қорғау  және  көші-қон  комитетінің Шымкент  қаласы  бойынша департаментінің өкілдері көпбалалы, мұқтаж отбасылармен кездесіп, олардың толғандырған сауалдарына жауап берді.

Орталыққа хабарласқан 17 азаматтың мәселелері дөңгелек үстел форматындағы жиында талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. Құзырлы мекеме өкілдеріне қойылған сауалдардың көпшілігі – мүгедектік рәсімдеудің қиындығы жөнінде. Түрлі қиындықтары бар азаматтар рет-ретімен өз мәселесін баяндап, жеке кеңес алды. Сондай-ақ,  ЭКО-ға квота алу мәселесімен келген ерлі-зайыптыларға да жан-жақты ақпарат берілді.

Осы кездесуге келген тұрғындардың мәселесі Орталық мамандарының бақылауында болады.

Наурыз айынан бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім» орталығының жанынан «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы секторы құрылған болатын. Қазіргі таңда әлеуметтік нысан халыққа өз қызметін жаңа үлгіде ұсынуда.

Орталықтың басты мақсаты – аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көпбалалы аналарға кәсіпкерлік жөнінде бағыт-бағдар беру, қаржылық сауаттылығын арттыру, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беру.

Tags: шымкент
Previous Post

Шымкент: Цифрландыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Next Post

Қала әкімі «Әкім сағаты» бағдарламасында тұрғындардың сұрағына жауап берді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі