basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мәдени астана жылының жабылуы онлайн форматта өтеді

Қараша 19, 2020
in Жаңалықтар
0
Мәдени астана жылының жабылуы онлайн форматта өтеді
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елдегі карантин жағдайына байланысты «Шымкент мәдени астана» жылында ұйымдастырылған іс-шараның барлығы онлайн форматта ұйымдастырылды. Жыл басынан бері қалада 1500-ден астам мәдени шара онлайн ұйымдастырылып, миллионнан астан көрермен тамашалаған.

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында баяндады.

–Мәдени астана жылының жабылу салтанаты 22 қараша күні сағат 15.00-де онлайн өтеді. Қаладағы саябақтарда 7 жылжымалы театр, 5 музыкалық перфоманстары, ақындар, жазушылар және әдеби қайраткерлер бейнесіндегі бойлы қуыршақтар шеруі өтеді. Қаламыздың жас суретшілерінің көрмесі мен ғимараттардың қасбеттерінде 7 муралдың тұсаукесері өтеді. Келесі жылдың мәдени астанасы эстафетасын Тәжікстанның Душанбе қаласына береміз, – деді қала әкімі.

Барлық іс-шаралар қалалық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен басқармаға қарасты мәдениет мекемелерінің қатысуымен өткізіледі.

Айта кетейік, мәдени астана жылының жабылуына орай қалада 14 қарашадан бастап «Шымкентке 2200 жыл» атты керуен өз жұмысын бастаған болатын. Керуен қала көшелерімен жүріп, қала тұрғындарының Душанбе қаласына деген ізгі тілектерін жинайды.

Previous Post

Шымкентте қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Next Post

Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Iqala» жобасы қолға алынуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі