basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте Сингапур университетінің филиалын ашу мәселесі талқыланды

Қараша 25, 2020
in Uncategorized
0
Шымкентте Сингапур университетінің филиалын ашу мәселесі талқыланды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасының Сингапур, Аустралия одағы және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Аркен Арыстановпен онлайн форматта кездесу өткізді.

Кездесуде Шымкент қаласында Сингапурдың MDIS университетінің филиалын ашу мәселесі талқыланды. Университет ең қажетті мамандарды даярлайды. Шымкентте қай мамандықтардың оқытылатыны екі жақты келісімдер нәтижесінде анықталады. Университеттің коммерциялық емес филиалы көпшілікке қолжетімді, әлеуметтік бағытта ашу көзделуде.

Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис қаланың даму бағытында осындай бастамалар аса қажет екені, бұл ретте оқу орнының базасы дайын екенін атап өтті.

1956 жылы құрылған әйгілі оқу орны студенттерді бизнес-менеджмент, дизайн, БАҚ және байланыс, денсаулық сақтау, мейірбике ісі, туризм, ақпараттық технологиялар индустриясы, киберқауіпсіздік және экология мамандықтары бойынша оқытады. MDIS Ұлыбританияның университеттерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Университеттің шетелдерде (Малайзия мен Өзбекстанда) филиалдарын ашу және оқу үдерісін ұйымдастыруда тәжірибесі бар. Атап айтқанда, 2008 жылы Өзбекстанда MDIS филиалы ашылған.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Сингапур Республикасына ресми сапары жоспарлануда. Сондай-ақ, кездесуде осы сапар барысында Шымкент қаласының туристік және инвестициялық әлеуетін насихаттайтын мәдени іс-шаралар өткізу мәселесі де талқыға түсті.

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновСингапуршымкент
Previous Post

Шымкентте «Бастау бизнес» жобасы бойынша 2820 азамат сертификатқа ие болды

Next Post

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі