basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент : «ҚР Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

Қараша 30, 2020
in Қоғам
0
Шымкент : «ҚР Тұңғыш  Президент күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында «ҚР Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шарада еліміздің кең байтақ даласы, сұлу табиғаты, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларындағы Елбасы ашқан көрікті жерлер мен ғимараттар, Шымкенттің үшінші мегаполис атану тарихы жайында бейне ролик көрсетілді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов салтанатты жиында көпшілікті мерекемен құттықтап, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

– Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл барша қазақстандықтар үшін шын мәніндегі жалпыұлттық мерекеге айналды. Бұл айтулы мерекенің мәні зор, маңызы ерекше. Олай болатыны, бұл бабалар арманы – Тәуелсіздікке жол ашқан ақжолтай күн. Осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1991 жылдың 1 желтоқсанында еліміз алғаш рет бүкілхалықтық сайлау негізінде өзінің тұңғыш Президентін сайлаған болатын. Осылайша Президенттік институтты енгізу арқылы Қазақ мемлекеті өз тарихындағы жаңа дәуірге қадам басты. Тәуелсіздігін жариялап, дербес ел болды. Міне, содан бері еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қысқа мерзімде бір ғасырға бергісіз жолды жүріп өтіп, әлемде өзіндік орны бар іргелі елге айналдық.

Елбасы халық билігі мен тәуелсіздік қағидаттарының символы әрі кепілі. Бүкіл әлем мойындаған жаһандық бітімгерлік бастамаларының авторы. Оңтүстіктің қақпасы іспеттес Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беріп, елімізде миллионнан астам тұрғыны бар жаңа мегаполистің пайда болуына жол ашты. Елбасының осы шешімінің арқасында сүйікті қаламыз Шымкент екі жылдың ішінде шырайы кіріп, шынайы өркендеуге бет алды. Қысқа мерзім ішінде қыруар шаруалар атқарылды. Экономикасы нығайды, әлеуетті артты. Елбасының көрегендігіне шаһарымыздың қазіргі даму барысы айқын дәлел, – деді қала әкімі.

Іс-шара одан әрі қарай  Тәуелсіздік жолындағы бабалардың күресін бүгінгі жарқын күнмен ұштастыратын «Ұлы дала Аманаты» театрландырылған көрінісімен жалғасты.

Сондай-ақ, мерекелік жиында Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының актерлері, Шымкент қалалық Опера және балет театрының солистері, «Қазына» би ансамблі және «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының әншілері өнер көрсетті.

Tags: 3 мегаполисМұрат ӘйтеновшымкентҚР Тұңғыш Президенті күні
Previous Post

Шымкент : «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарларламасы аясында 47 жоба қаржылай қолдау алды

Next Post

Шымкентте 1 желтоқсаннан бастап жаңа автобустар қызмет көрсетеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі