«Nur Otan» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Рашкуль Оспаналиева, Қайрат Мейрманов және Бахтияр Юсупов «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының жоспары түсіндіріліп, үгіт-насихат жұмыстары жалғасты.
«Nur Otan» партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайықты жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салады. Қазіргі танда Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Алдағы 5 жылдықта осы көрсеткішті 4,9 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз», – деді үміткер Бахтияр Юсупов.
Одан әрі кандидаттар аталған мақсаттарды орындау үшін «Nur Otan» партиясының жетекшілігімен жүзеге асатын міндеттер жайында баяндады:
5 жылда аймақта 80 мың тұрақты жаңа жұмыс орны ашылады;
Жіп иіру фабрикасы «Ютекс» АҚ (бұрынғы «Меланж» АҚ) жұмысы қарқынды жүргізіледі. Нәтижесінде жоғары сапалы тоқыма өнімдері Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығарылады. Бұл өз кезегінде елімізде өңделетін мақта көлемін екі есеге арттырып, 800 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді;
2022 жылы инвестиция көлемі 20 млрд теңге, территориясы 306 гектар «Жұлдыз» индустриялық аймағы іске қосылады;
Алдағы 5 жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асырылады. Оған 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылады.
Нәтижесінде осы жобалар іске қосылғанда 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Айта кетейік, «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС 2001 жылы құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын шығаратын темірбетон бұйымдары зауыты негізінде құрылған ірі компаниялардың бірі. Қазіргі уақытта кәсіпорын толығымен жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрлармен қамтамасыз етіліп, өңіріміздегі құрылыс саласын қамтып отырған жетекші бірлестік.
Өз кезегінде, жиырма жыл бойы облыс нарығында табысты еңбек етіп келген аталмыш фирма ұжымы «Nur Otan» партиясына толықтай сенім артатынын және алдағы сайлауға түгел қатысатындықтарын жеткізді.
Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.