ҚР Парламент және барлық деңгейдегі сайлау күнініе екі аптадай уақыт қалды. «Nur Otan» партисынан үміткерлері партия бағдарламасын халыққа толықтай жеткізу мақсатында аянбай еңбек етуде. Осы орайда бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрдаулет Үмбеталиев, Жансери Суетов, Тасқынбай Бүрлібаев және Мұхит Асанов қаладағы «CITY MED» клиникасының ұжымымен кездесті. Қатысушыларға партияның бағдарламасы толықтай түсіндіріліп, талап-тілектер мен қала өмірін жақсартуда, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда ұсыныстар тыңдалды. Ақ халатты абзал жандармен болған алқалы жиында медицина мәселесі де назардан тыс қалмады.
«Бүгінде біз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Жағдайдың күрделі екеніне қарамастан біз даму мен өркендеу жолында одан әрі қадам басуға тиіспіз. Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрғындардың проблемаларын жедел әрі тиімді шешу мақсатында осы сайлауалды бағдарламасын жасап отыр.
Бұл құжатымыздың ерекшелігі – тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық салалар қамтылып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған. Бұл жолда біз көздеген мақсатымыз бен арманымызға бірге жетеміз!», – деді Мұхит Асанов.
Одан әрі пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артқанын және осы жағдай медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажеттігін көрсетті деп атап өтті үміткер.
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы мынадай істерді қолға алады:
Біріншіден,
Жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңартудан өтеді;
Қаланың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады (өкпені жасанды винтилляциялау аппараттары, пульсоксиметрлер, КЩС анализаторлары, «Бобров» аппараттары, пациенттің мониторлары, шприцті сорғы, электрокардиографтар, флюорографтар және т.б. сатып алынады);
2023 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған
1 000 орындық көпсалалы аурухана халықтың игілігіне беріледі;
Медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы 5 жылда 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі:
2021 жылы – 2;
2022 жылы – 3;
2024 жылы – 2;
2025 жылы – 3.
2023 жылға дейін қаланың шет аймақтарында 12 дәрігерлік амбулаториялар салынады. Атап айтқанда: Шаңырақ, Тассай, Тәжірибе, Қызылсай, Достық, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жиделі, Қайнарбұлақ, Асар-2, Қызылсу, Бадам-2 шағын аудандарында бой көтереді;
2020-2021 жылдары №1 емхана, №2-ші аурухана, қалалық перзентхана және «Ана мен бала» орталығы күрделі жөндеуден өтеді;
024 жылға дейін қаладағы 36 медицина мекемесінің материалдық-техникалық базасы жаңартылады.
Екіншіден,
Медицина қызметінің сапасын арттыру мақсатында жыл сайын медицина саласындағы кадрлардың 30 пайызын қамтып, Израиль, Германия, Ресей, Литва елдерінің жетекші мамандарымен шеберлік-класстар өткізіледі;
Кардиологиялық орталық «Ұлттық ғылыми кардио-хирургиялық орталықтың» басқаруына беріліп, алғаш рет жүрекке трансплантация оталары жасалады;
2021 жылы қатерлі ісік ауруларын емдеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында позитронды-эмиссиондық томография іске қосылады;
2021 жылы бедеулікті емдеу үшін «Репродуктивті медицина институтының Шымкент қалалық филиалы» ашылады. Бұл өз кезегінде, жыл сайын 500-ден астам азаматты қаламызда емдеуге мүмкіндік береді;
2021-2025 жылдар аралығында қарттардың жағдайын жасау мақсатында 4 «Өмір сапасын ұзарту орталығы» салынады;
«Симуляциялық орталығы» қызметі сапалы түрде жүзеге асырылады;
Шұғыл медициналық көмек қызметі жаңғыртылып, «кешенді медициналық ақпараттық жүйесі енгізіледі.
Нәтижесінде Халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,6-дан 77,4 жасқа дейін ұзарады.
«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.
«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.