Бүгін сайлау науханының 19-шы күні. Наухан қызу жалғасуда. Әрбір үміткер Шымкент қаласы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын қаламыздың әрбір тұрғынына жіті таныстыруда. Осыған орай бүгін қалалық маслихат депутаттығына үміткер Мақсат Абдукаримов «Сұңқар» медициналық мекемесінің ұжымымен кездесті. Онда, мекеме ұжымына бастауыш партияның алдағы 5 жылдық сайлау алды бағдарламасы таныстырылды. Кездесуде әсіресе денсаулық сақтау сапасын күшейту мәселесі кеңінен талқыланды.
Айта кетейік, пандемияға байланысты күрделі эпидемиологиялық ахуал кезеңінде медицина саласына түскен ауыртпалық 2 есеге артты. Стационарлар мен провизорлық орталықтардағы төсек орындардың 96 пайызы науқастармен толды. Бұл өз кезегінде медицина саласына ерекше көңіл бөлу қажет екенін көрсетті. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы жедел медициналық жәрдем станциясы толық жаңартудан өтеді. Қаланың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады. 2023 жылы шетелдік заманауи техникамен жабдықталған
1 000 орындық көпсалалы аурухана халықтың игілігіне беріледі. Медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы 5 жылда 10 медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. 2023 жылға дейін қаланың шет аймақтарында 12 дәрігерлік амбулаториялар салынады. Атап айтқанда, Шаңырақ, Тассай, Тәжірибе, Қызылсай, Достық, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жиделі, Қайнарбұлақ, Асар-2, Қызылсу, Бадам-2 шағын аудандарында бой көтереді деп жоспарланған. 2021 жылы бедеулікті емдеу үшін «Репродуктивті медицина институтының Шымкент қалалық филиалы» ашылады. Бұл өз кезегінде, жыл сайын 500-ден астам азаматты қаламызда емдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,6-дан 77,4 жасқа дейін ұзарады. Айта кетейік, Шымкент қаласының сайлау алды бағдарламасы да праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Нақтырақ айтқанда қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы NurOtan партиясының сайлау алды бағдарламасының негізі бағытарының біріне айналды. «NurOtan» – нақты істер партиясы! «Қиындықты еңсеріп жеңіске бірге жетеміз»
Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.