basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«NUR OTAN» ӘРБІР ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНАНЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫН ҚОЛДАЙДЫ! 

Желтоқсан 30, 2020
in Жаңалықтар
0
«NUR OTAN» ӘРБІР ОТБАСЫҒА ЖАҢА БАСПАНАНЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫН ҚОЛДАЙДЫ! 
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қалалық маслихат депутаттығына үміткер Дария Қожамжарова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университет колледжінің ұжымымен кездесті.

Кездесуде Дария Пернешқызы алдағы 5 жылдықта «Nur Otan» партия ұсынып отырған өзгерістерге тоқталды. Кездесуде ұжымның басым бөлігін тұрғын үй мәселесі мен жастарға жасалынатын мүмкіндіктер жайлы бағыттар қызықтырды. Бұл мәселелер парияның 5 жылдық бағдарламасында толық қамтылғанын мәлім еткен Дария Пернешқызы тұрғын үй мен жастарға жасалынатын мүмкіндіктер жайлы кеңінен ақпарат берді.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының бастамасымен тұрғын үй құрылысының қарқыны артады. 2021 жылы Шымкент сити шағын ауданында 60 мың тұрғынға заманауи көпқабатты үйлер мен ойын-сауық орталықтары салынады. 5 жылда 3 млн ш.м. баспана немесе 47 мың пәтер салынады деп жоспарланған. Осылайша, 3 мыңға жуық көп балалы отбасы мен әлеуметтік әлсіз топтағы 532 азамат баспанамен қамтылады. 5 жылда 250 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді.

Біз, Сіздермен бірлесе отырып, көздеген мақсатымыз бен арманымызға жете аламыз. Партиямызға үміт артып, сенім білдірсеңіздер – әрдайым нәтижелі іспен дәлелдейміз, – деді үміткер.

Дария Қожамжарова колледж ұжымын «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын қолдауға, алға қойылған міндеттерді іске асыруға белсене атсалысуға шақырды.

Жиынға қатысушылар «Nur Otan» партиясы бағдарламасымен танысқанын және 10 қаңтар күні дұрыс тандау жасайтындарын жеткізді. Себебі партиямен бірлесе отырып, әрбір Қазақстан азаматы бақуатты өмір сүруі, өзін-өзі дамытуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалған берекелі қоғам құрамыз.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«NurOtan» – нақты істер партиясы!

Шымкент қаласындағы Nur Otan партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Previous Post

Тұрғын үймен қамтамасыз ету (видео)

Next Post

NUR OTAN: МЕГОПОЛИСТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМИТЫН БОЛАДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі