basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

NUR OTAN: «МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ТЕҢ ӘРІ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚҰРАМЫЗ!»

Қаңтар 3, 2021
in Жаңалықтар
0
NUR OTAN: «МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ТЕҢ ӘРІ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚҰРАМЫЗ!»
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Марат Сапарбаев, Байкен Аширбаев және Талғат Балтабаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жүргізу мақсатында «Атамекен» медициналық орталығының ақ халатты абзал жандарымен кездесті. «Атамекен» медициналық орталығы – 200-ден астам маман қызмет көрсететін озық үлгідегі Оңалту Орталығы. Медициналық мекеме 3000 науқасқа дейін қызмет көрсетуге қауқарлы.
Кандидаттар ұжым қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Орталық қызметкерлері «Nur Otan» партиясының пандемия кезіндегі қолдау көрсеткенін айтып, партияға деген ризашылықтарын білдірді. Алдағы сайлауға белсенді түрде қатысып, еліміздің жетекші партиясына дауыс беретінін де айтты.

«Қашан да «Nur Otan» партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы болған. Сол себепті көшбасшы партия өзінің бағдарламасының топ 10 басымдылығына денсаулық сақтау саласын еңгізіп, орындалуына жіті көңіл бөлуде» – деп атап өтті Марат Сапарбаев.

Одан әрі Қала бойынша 37 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Партия ерекше қажеттілігі бар азаматтарға тең әрі қолайлы орта құруға жағдай жасайтынын айтты үміткерлер. Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен:
 2021-2022 жылдары мүгедектерге арналған «Тең қоғам» оңалту орталығы ашылады;
 2021-2022 жылдары Оңалту орталығын 70 адамнан – 140 адамға дейін қабылдау қамтамасыз етіледі;
 2023-2024 жылдары 150 орындық жаңа «Оңалту орталығы» салынып, пайдалануға беріледі;
 «Оңалту орталықтарында» кәсіби мамандар (реабилитолог, сурдолог, дефектолог, психолог) тапшылығы шешіледі;
 Мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға арналған арнайы түзеу білім беру орталықтарының жұмысы жандандырылады;
 Балалар үйлерінің түлектерін әлеуметтік бейімдеп жұмысқа орналастырылады;
 Мемлекеттік мекемелер, қоғамдық орындар, саябақтар, сауда объектілері мен ойын-сауық орталықтарындағы пандустардың талаптарға сай болуы қамтамасыз етіледі;
 Барлық аялдамалар мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайлығына қарай жабдықталатын болады.

«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.
«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев қойған маңызды мемлекеттік міндеттерін іске асыра отырып, партия республикамыздың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етеді.
«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
Біз әрқашан біргеміз!

Previous Post

«NUR OTAN»: ПАРТИЯ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ЕРЕКШЕ НАЗАРДА ҰСТАЙТЫН БОЛАДЫ

Next Post

«NUR OTAN» СЛУШАЕТ И СЛЫШИТ ЛЮДЕЙ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі