basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Биыл 5 мыңнан астам жасөспірім әскери есепке алынады

Ақпан 12, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Биыл 5 мыңнан астам жасөспірім әскери есепке алынады
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Әжімұхан Шынтаевтың қатысуымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және шақыру учаскілеріне тіркеу тәртіптері бойынша баспасөз мәжілісі өтті.

Брифинг барысында Әжімұхан Қалмаханұлы азаматтарды әскери есепке алу және олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау туралы сөз қозғады.

– Биыл Шымкентте 5 мыңнан астам жасөспірімді әскери есепке қою жоспарланды. Ал әскери қызметке өткен жылы қалада 1500-ге жуық азамат шақырылды. Осы жылдың көктемгі науқанында 700-ден астам азаматты әскер қатарына шақыруды көздеп отырмыз. Бұл ретте болашақ Отан қорғаушылар мен олардың ата-аналары әскери есепке қою барысына түсіністікпен және жауапкершілікпен қарағаны абзал екенін айтқым келеді, – деді Ә.Шынтаев.

Спикердің сөзінше, әскери есепке 17 жасқа толған немесе сол жылы толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары жатады. Ал әскери есепке алуға жатпайтындар – әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер, заңнамаға сәйкес әскери міндеттерін орындаудан босатылған адамдар, бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүргендер және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындар.

Брифингте белгілі болғандай, әскери қызметке шақыруға жататын азаматтардың медициналық тексеруден өту кезеңінде жұмыс орны мен орташа жалақысы, ал мерзімді әскери қызмет ету кезеңінде жұмыс орны сақталады. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бойынша беріледі. Нақтырақ айтсақ, отбасы жағдайлары, білім алуды жалғастыру, денсаулық жағдайы және басқа да себептер бойынша кейінге қалдырылады.

Ескерте кетейік, әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде себепсіз келмеуi 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде әскери қызметке шақырылудан жалтару 1000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Одан бөлек, өзiнiң денсаулығына зиян келтiру арқылы аурумын деп жалған сылтаурату, жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған іс-әрекет 3000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кетейік, әрбір адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгініп, толық ақпарат ала алады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Фото – Ернар Мамыр

Previous Post

Н.Нигматулин: «Дорожная карта» партии «Nur Otan» – это чёткая программа действий

Next Post

Шымкент: КВИ-ға қарсы вакцина алғандар арасында асқыну жағдайлары тіркелмеген

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі