basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 303 көше жарықтандырылады

Ақпан 16, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 303 көше жарықтандырылады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 303 көше жарықтандырылады. Осылайша, мегаполистің көше шамдарымен қамтамасыз етілуі 70 пайызды құрайтын болады. Жарықтандыру бойынша жобалар жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясында мақұлданды.

Сессия жұмысына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласында әртүрлі салаларда мемлекеттік- жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында салынып, пайдалануға берілген нысандардың артқанын айтты. Сонымен қатар, қала басшысы МЖӘ аясындағы жобалар екі тарапқа да тиімді екенін жеткізді.

«Шымкент қаласының сыртқы жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы бойынша баяндама жасаған қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Болатбеков 2021-2027 жылдарға 16 411,9 млн. теңгеге мемлекеттік міндеттеме алу ұсынылғанын мәлім етті.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімі – 7 жыл, оның ішінде құрылыс мерзімі – 36 айды құрайды. Бұл жобада сыртқы жарықтандыру желілерін салу, яғни, 14264 дана жарықдиодты шамдар, 14264 дана бағаналар мен 436 км кабель жүргізіледі. Нәтижесінде төрт жылда 303 көше жарықтандырылатын болады. Сонымен қоса, ескі жарықшамдар мен тозған бағаналарды жаңаларына ауыстыру – 5 182 жарықшам, 1 929 бағаналар. Жаяу жүргіншілер аймағына қосымша шамдар орнату – 2 000 дана. Әуе желілерін кабельдік желілерге ауыстыру -182 км. Сыртқы жарықтандыру басқару жәшігін жаңғырту – 327 дана. Диспетчерлік пункт құру бағдарламасын енгізу бар»,-деді Б.Болатбеков.

Сессияның күн тәртібінде бұдан бөлек, Шымкент қаласының басқару схемасы туралы шешімі мен Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 3 мегаполис«Nur Otan» партиясыМұрат Әйтеновмәслихатсессияшымкент
Previous Post

Шымкенттің әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейтін меморандумға қол қойылды

Next Post

Шымкент - "Ақылды қалалардың" жаһандық рейтингіне енеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі