Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту екені белгілі.
Осыған орай «Көрме» орталығында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен «Ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.
Аталған жиынға аудан әкімдіктерінің сала мамандары, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы кооперативтері және өнім өндірушілері қауымдастығының басшысы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері, сондай-ақ қаладағы бірқатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, шаруа қожалық иелері мен кәсіпкерлер, кооператив өкілдері қатысты.
Жиынның мақсаты – ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелерін көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және қаламыздың 4 ауданында саланың дамуына ықпал жасау. Сонымен бірге нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, қаланың азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Онда ауыл шаруашылығын дамыту жолдары мен мемлекеттік қолдау шаралары; жергілікті тауар өндірушілерінің тауарларын әлеуметтік дүкен арқылы өткізу; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
Мәселен өткен жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдау мақсатында (субсидия) 2 848,7 млн. теңге қаржы бөлініп, келіп түскен өтінімге сәйкес 177 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне мемлекеттік қолдау көрсетілсе, ал осы жылға қаралған қаржы 1,2 есеге артып, 3 585,3 млн. теңгеге жетіп отыр. Бөлінген қаржылар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне төленетін болады.
Семинарды қорытындылай келе, ауыл шаруашылығы саласына берілетін қолдауларды тиімді пайдалана отырып, қызушылық танытқан шаруалардың жобаларын жүзеге асыру барысында бірлесе отырып ат салысуға шақырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі