basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте биыл 87 азамат әлеуметтік жұмысқа орналасқан

Наурыз 15, 2021
in Қоғам
0
Шымкентте биыл 87 азамат әлеуметтік жұмысқа орналасқан
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын құру мақсатында жұмыспен қамту орталығы тарапынан жыл басынан 22 ұйыммен келісімшарт жасалды. Нәтижесінде 87 азамат уақытша жұмыспен қамтылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыспен қамту мерзімі 12 ай.

Әлеуметтік жұмыс  – халықты жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізінде, олардың еңбекақысын субсидиялау арқылы қамтылатын жұмыс орны.

Еңбекақы ретінде берілетін субсидияның мөлшері – салық, міндетті әлеуметтік аударым мен экологиялық үстемақының төлемдерін есептемегенде, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысын ескере отырып, белгіленген еңбекақы мөлшерінің 35%  құрайды. Бұл қаржы «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында айқындалған ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайды.

Әлеуметтік жұмысқа орналасу үшін  жұмыссыз азаматтар тіркелген мекенжай бойынша жұмыспен қамту орталығының тиісті бөлімшесіне келесі құжаттарды тапсырады:

– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

– міндетті түрде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

Айта кетсек, өткен жылы Шымкентте бұл бағытта 356 адам жұмысқа жолданған. Осы жыл  орталық тарапынан 200 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновшымкентәлеуметтік жұмыс
Previous Post

Шымкентте ауыр халде ауруханаға түскен 86 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

Next Post

Шымкент: Тұтынушылардың құқығын қорғайтын бірыңғай жүйе іске қосылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі