basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шымкент-цирк» аңдарсыз жаңа қойылымына шақырады

Наурыз 16, 2021
in Жаңалықтар
0
«Шымкент-цирк» аңдарсыз жаңа қойылымына шақырады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Шымкент-Циркі» – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында әлемдік бренд «Cirque du Soleil» циркінің бағытында аңдарсыз жаңа қойылымын көрермендер назарына ұсынады.

Бағдарламада әртістердің әуеде ұшуы, батылдық шеңберінде сақтандырусыз өнер көрсететін акробаттар, жас әртістердің дебюттік нөмірлері, клоундардың күлкіге толы жаңа репризалар секілді жаңа нөмірлері бар. Сондай-ақ, Джаз оркестрі танымал композицияларды, шетелдің классикалық музыкаларын жанды дауыста сүйемелдейді.

Айта кетейік, «Шымкент-циркі» – әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Мекеме биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Өнер ұжымы 2021 жылды «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасымен бастады. Ендігі кезекте, клоун және шапито, джигитовка, жонглерлік ету және эквилибристика, әуе гимнасттары секілді бағыттарды дамытуды көздеп отыр.

Қойылымдар 19,20,21 және 27,28 наурыз күндері, сағат 14:00 және 20:00-де басталады.

Бағдарламаның ұзақтығы 80 минут, 5 жастан жоғары балалар мен ересектерге арналған. Билет бағасы 2000 теңгеден жоғары. Ұжымдық жеңілдіктер де қарастырылған. Билеттер онлайн кассаларда сатылады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Previous Post

Еліміздегі ең сапалы сусын Шымкентте өндіріледі

Next Post

Шымкенттегі дендросаябақта 205 түп көшет отырғызылды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі