basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттік ұстаздың 20-ға жуық талапты оқушылары түрлі байқауларда жеңімпаз атанған

Наурыз 16, 2021
in Uncategorized
0
Шымкенттік ұстаздың 20-ға жуық талапты оқушылары түрлі байқауларда жеңімпаз атанған
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұстаз талантты болса, шәкірт талапты болады.  Осындай ұстаздардың бірі шәкірттерге сапалы білім беру жолында үнемі ізденіп жүретін білікті маман – Ақтолқын Жұмаханқызын айтар едік. Ол Шымкент қаласы Политехникалық колледжі МКҚК «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндер бірлестігінің жоғары санатты оқытушысы. Бүгінгі таңда Политехникалық колледжде 20 жылдан бері жас ұрпақты ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелеп, білім беріп келеді.

Ақтолқын Жұмаханқызы білім беру үрдісінде жаңа педагогикалық технология түрлерін пайдаланып келеді. Сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша аймақтық тренер.

Талантты ұстаздың 20-ға жуық талапты оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті бойынша өткен түрлі халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, тек жоғары орындарды иеленген.

Ақтолқын Жұмаханқызының еңбек жолында жеткен жетістіктері аз емес. Ол 2019 жылы қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында өткен «Үздік оқытушы-2019» байқауында бас жүлдені иеленсе, «Рухани-жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі» тақырыбында қашықтықтан өткен республикалық ғылыми-практикалық семинарда жоғары шығармашылық деңгейін көрсеткені үшін «Зерделі ұстаз» номинациясымен марапатталған.

Педагогтардың мәртебесін арттыру мақсатында өткен қалааралық «Үздік Педагог – 2020»  конкурсында бас жүлдені, ал республикалық деңгейде өткен кезеңінде байқауға қатысқаны үшін қала әкімі М.Әйтеновтің алғыс хатымен  және 400 000 теңге сертификатымен марапатталды.

Бүгінгі таңда Ақтолқын Жұмаханқызы – рухани бай, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру үшін аянбай еңбек етіп, ізденіс жолын жалғастырып келеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновшымкентүздік оқушы
Previous Post

Шымкентте коронавирустан 6 адам емделіп шықты

Next Post

"Наурыз Шымкентте басталады" онкүндігі жалғасуда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі