basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Shymkent INVEST» тың жобаларды қолдайды

Наурыз 17, 2021
in Жаңалықтар
0
«Shymkent INVEST» тың жобаларды қолдайды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сонымен, «Шымкент инвесттің» қызметін санамаласақ, біріншіден, консультациялық көмек көрсетеді. Екіншіден, «Атамекеннің» көмегімен жасалған бизнес-жоспарды жүзеге асыруға жәрдемдеседі, қаржы саласының тілімен айтқанда, бизнес жобаны сүйемелдейді. Үшіншіден, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының түзген арнайы жоспарына сәйкес 1 пайыздық жеңілдікпен кәсіп бастауға ден қойған кәсіпкерлерге несие береді. Дұрысы, несиені фронт-офистің өзі емес, екінші деңгейлі банк ұсынады.

1 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕНІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Дегенмен, оның өзіндік шарттары бар. Соның ішіндегі ең бастысы – үміткердің кепілмүлкі болуы керек. Әуелгіде банк 8,5 пайызбен несие берсе, оның 7,5 пайызын мемлекет өтейді, кәсіпкер сонда қалған 1 пайызды ғана төлейді.

ЖАС ЕРЕКШЕЛІККЕ ҚАРАЙ МА?

1 пайыздық несие алу үшін үміткерлер тағы бір шартқа сәйкес келуі керек. Ол – жас ерекшелігі. Мәселен, былтыр жеңілдетілген несие 21-29 жастағы ер-азаматтарға және 21-58 жас аралығындағы қыз-келіншектерге берілді. Сонымен бірге бұл несиені алу үшін бастан-аяқ құжат жинаудың қажеті жоқ. Бастапқыда бұл арзан пайыздық несиелеу жоспары кәсіпкер әйелдерді қаржылай қолдау мақсатында құрылыпты. Биыл жаңа бағыт бойынша қаржылай көмектің жалғасатыны әлі қарастырылып жатыр.

1 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕНІ 29 ШЫМКЕНТТІК АЛДЫ

Фронт-офис жетекшісінің мәліметінше, былтыр 1 пайыздық несиені 29 азамат алған. Биыл наурыз айында 15 адамға несиелеу жоспарына қатысуға рұқсат берілген. Айта кету керек, несиенің ең жоғары сомасы 10 млн теңгеге дейін ал мерзімі 7 жыл уақытты құрайды.

Фронт-офистің көмегімен несие алған кәсіпкер әйелдің бірі – Мәншүк Оспанбекқызы. Өткен жылдың тамыз айында «Бизнеске арналған үкімет» мекемесіне келіп, құжаттарын өткізеді. Нәтижесінде 1 пайызбен 6 млн теңге несие алған. Ол қаржыға тоқыма және мақта зауыттарынан шикізат сатып алып, одан жұқа, қалың көрпешелерге дайын мақта шығарады. Кәсіпкер келіншек бұл кәсібін әлі де жалғастыруда. Осы бизнесінің көмегімен ол өзімен қатар қосымша 4 отбасыны жұмыспен қамтып отыр.

 

Previous Post

Шымкентте америкалық әйгілі драматург Нил Саймонның пьесасы қазақ тілінде тұңғыш рет сахналанды

Next Post

Шымкентте 300 жасқа баспана беріледі

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі