basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отбасылық кітапхана – тұрғындардың білімін арттыруға мол мүмкіндік

Наурыз 20, 2021
in Жаңалықтар
0
Отбасылық кітапхана – тұрғындардың білімін арттыруға мол мүмкіндік
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Шымкентте жаңа үлгідегі отбасылық кітапхана ашылды. Елімізде алғаш болып ашылған кітапханамен танысуға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, депутаттар мен зиялы қауым өкілдері арнайы барды. Үй үлгісіндегі заманауи кітапханада білімді арттыру үшін барлық жағдай жасалған.

Игі шараға қатысқан Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов белгілі айтыскер ақын «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуовпен канвассинг кездесу өткізіп, өз ойын ортаға салды. Сұхбат барысында халық қалаулысы жаңартылған кітапханалардың ашылуы Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасының орындалуының алғашқы нәтижелері екендігін атап өтті.

-Nur Otan партиясының 2020-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 5 жылдық мақсаты айқын бағдарламасы бар. Бағдарламаны жүзеге асырудың жол картасы да бекітілді. Бүгінгі іс-шара сол партия бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы қадамдары деуге болады. Өйткені бағдарламада адам капиталын арттыруға, халыққа қолайлы өмір қалыптастыруға ерекше мән берілген. Мына ашылып отырған отбасылық кітапханаға жасөспірімдерден бастап, қарияларға дейін келіп кітап оқып, білімді жетілдіруге толық мүмкіндік бар. Яғни барлығына қол жетімді. Қаланың шетіндегі елді-мекендерге осындай кітапханаларды салу арқылы біз халықтың білім алуына, рухани жан-дүниесінің баюына ықпал етеміз. Бұл жұмыстардың өзі Nur Otan партиясының нақты істердің партиясы екендігін аңғартады – деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Айта кетейік, отбасылық кітапханада әртүрлі жанрдағы шығармалар бар. Онда балалар да, ересек адамдар да өздерін қызықтырған кітапқа қол жеткізе алады. Интернет дамыған заманда баланы кітапқа баулу, қызығушылығын ояту үшін бұл кітапхананың үлесі зор болмақ.

Previous Post

Шымкент: «Көктемгі гүлдер» көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады

Next Post

Шымкентте өткен республикалық «Наурыз» айтыс өз мәресіне жетті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі