basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ұлыстың ұлы күнінде ағаш отырғызу акциясы өтті

Наурыз 23, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ұлыстың ұлы күнінде ағаш отырғызу акциясы өтті
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз ме­рекесінде «Таза табиғат» экологиялық жалпыұлттық жобасы аясында ағаш отырғызу акциясы өтті.

Игі шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан

және Қаратау ауданының арда­герлері мен депутаттары, қоғам­дық кеңестердің, жас­тар және во­лон­терлік ұйымдардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қала басшысы бастаған топ әз Наурыз мерекесінде «Нұрсәт» тұрғын алабында орналасқан «Астана» аллеясына жина­лып, 250 түп қылқан жапырақты арша мен қара ағаш көшеттерін отырғызды. Осылайша, Президенттің орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау басталды.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаған Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде мерекеде тек той тойламай, қала аумағын тазалау және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысуға шақырды. Сонымен қатар, отырғызылған жасыл желектерді кү­тіп-баптау жұмыстарын да жүйелі түр­де жүргізіп отыру керектігін жеткізді. Айта кетейік, көктемгі көгалдандыру кезінде әр ауданда 10 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған.

Жалпы Шымкент қаласында 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Өткен жылы 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспары бекітілген. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш отырғызылатын болады. Осылайша, қаладағы ағаш қоры екі есеге артады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Previous Post

Шымкентте «Қазақиям – азат ұям» атты жыр мүшәйрасы мәресіне жетті

Next Post

"Шымкент мәдениет үйі" мерекелік бағдарламасын ұсынды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі