basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогының жүлдегері атанды

Наурыз 25, 2021
in Спорт
0
Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогының жүлдегері атанды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық құралайды көзге атқан мергендеріміз Үндістандағы Әлем кубогында 4 медальді (1 алтын, 2 күміс, 1 қола)  қанжығаларына байлады.

18-29 наурыз аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында стенд және оқ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр. Тартысты жарысқа әлемнің 53 елінен 300-ге жуық мерген спортшы қатысуда.

21 наурызда «SKEET» жаттығуында әйелдер арасында жерлесіміз шымкенттік Кравченко Зоя 114 ұпай санымен 5-ші болып финалға еніп, тартысты сәтте Ұлыбритания спортшысы  Хиллдан бір ғана нысанды мүлт жіберіп, күміс медаль жеңіп алды (финалдық нәтиже 51 ұпай).

Ал 22 наурыз күні  «SKEET» жаттығуында әйелдер арасында  Шымкент қаласының 3 мергені командалық есепте Кравченко Зоя,  Насырова Рината  мен Панарина Ольга 327 ұпаймен финалға екінші болып еніп,  байрақты бесекеде алаң иелері Үндістанның әйелдер құрама командасын тізе бүктіріп, нәтижесінде спортшыларымыз алтын медальді қанжығалады.

Сонымен қатар, «SKEET» жаттығуында ерлер арасында  қазақстандық спортшы жігіттер командалық есепте  Почивалов Давид (Шымкент қ.), Ещенко Эдуард  (Алматы қ.) пен Мухамедиев Александр (Шымкент қ.) 501 ұпаймен финалға еніп,  қола медальге  ие болды.

Жарыстың алтыншы күнінде  «SKEET» жаттығуында қазақстандық 1-аралас құрама командасы командалық есепте  Панарина Ольга (Шымкент қ.) мен Ещенко Александр (Алматы қ.) 140 ұпаймен финалға екінші болып еніп, додада күмістен алқа тақты.

Әлем кубогының 23 наурыздағы медальді нәтижелер бойынша еліміздің құрамасы  – 3 орында тұр.

 

Tags: Бауыржан ТуманбаевМұрат Әйтеновспортстэнд атушымкентәлем кубогы
Previous Post

Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады

Next Post

Шымкентте Фарабитанушы ғалымдар бас қосты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі