basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Заң

Шымкентте медиацияны дамыту үшін меморандумға қол қойылды

Наурыз 25, 2021
in Заң
0
Шымкентте медиацияны дамыту үшін меморандумға қол қойылды
0
SHARES
55
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық сотында Медиация институтын дамыту мақсатында көп жақты меморандум жасалды. Жиында меморандумға 9 тарап қол қойды. Олардың қатарында Шымкент қалалық сотының Билер кеңесінің жұмысын үйлестірушісі Ақылбек Елшібаев, «Самғау сенім орталығы» КММ-нің директоры Фарида Байзахова, «Қазақстандық Медиаторлар Палатасы» ҚБ-нің басшысы Эльмира Акшегирова, «Дана» Құқық және Медиация Орталығы» ҚБ-нің басшысы Дана Кенжеқұлова бар.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесін жетілдіре түсу керектігіне көңіл бөлуде. Президенттің 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында да үшінші билік жұмысын жетілдірудің жолы да ұмыт қалмады. Яғни медиацияның тарихи мәні тереңде.Дамыған елдерде істердің 90 пайызы медиациямен шешіледі. Дау болғасын сотта екі тарап бірдей жеңіске жетпейді. Ал татуластыру арқылы бірдей келісім жасалады. Алдағы уақытта тараптардың жұмысы медацияны дамытады деп сенемін,-деді Соттар әкімшісінің басшысы Берік Мейірханов

Сондай-ақ меморандумда тараптар жанжалдардың алдын алуға және оларды шешуге бағытталған татуластыру рәсімдерін дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері сөз болды.

Қазіргі таңда Шымкентте аудандық соттарда, аудандық әкімдіктерде, Жұмыспен қамту орталығында және мамандандырылған соттың ғимаратында медиатор кабинеттері жұмыс істейді. Алдағы уақытта татуластыру рәсімдеріне жүгіну азаматтардың жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуіне ықпал етеді және құқықтық мәдениетін қалыптастырады.

 

Tags: 3 мегаполисмедиациянымеморандумшымкент
Previous Post

Шымкентте полиция қызметкерлері 4000-ға жуық тұрғынға маска таратты

Next Post

Наурыз мерекесі аясында Шымкентте дәстүрлі ән шеруі өтті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі