basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қызғалдақтар Шымкент шырайын аша түсуде

Наурыз 25, 2021
in Жаңалықтар
0
Қызғалдақтар Шымкент шырайын аша түсуде
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қызғалдақ сұлулығына оранды. Орталық көшелердегі түрлі-түсті қызғалдақтар көңілге қуаныш сыйлайды. Әдемі қызғалдақтар қалалықтардыцң көзайымына айналғанына да бірнеше жылдар болды. «Наурыз символы» атанған қызғалдақтар еліміздің оңтүстік-шығыс таулы аймақтары мен шөлейт даласында көп өседі. Әсіресе, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Талас Алатауы мен Шу-Іле аумағы грейг қызғалдағының отаны десек те болады.

Қазіргі таңда әлем бойынша қызғалдақтың үш мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 75- ке жуығы жабайы және кең таралған 150 түрі кездеседі. Біздің елімізде қызғалдақтың отыздан астам түрі болғандықтан, «Қазақстан- қызғалдақтың отаны» болып табылады.

Қызғалдақ- Тәңірдің адамзатқа берген сыйы. Көктемде гүлдеп, жазиралы қазақ даласына ерекше сұлулық беріп, адамдарын ғажайып бір күйге бөлейді. Бір қызығы, екі жыл өмір сүретін бұл нәзік гүл көктем кезінде, шуақты Наурыз айы туғанда бар жоғы 7күннен 15 күнге дейін ғана гүл ашып тұрады, кейбір түрлері 20-25күнге дейін гүлдеп тұрады. Қызғалдақ- пиязшықтардың ішіндегі табиғатта кең тараған, көгалдандыруда жиі пайдаланылады. Ерекше әсем көркімен дараланып, оны білмейтін адам кемде-кем. Гүлдің биіктігі 10см ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдесе, «Рембрант қызғалдағы» сияқты биік өсетін түрлері маусым айында гүлдейді.

Қазақтың кең байтақ дархан даласында өсіп, жер жүзіне кеңінен таралғандығына ғалымдар нақты дәлелдер де келтіруде. Жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрі » Қызыл кітап» қа енгендігін еске сала кеткен жөн. Нәзік гүлдің будандасқан түрлерінің арта түсуіне, қорғауға алынуына әр адам атсалысуы қажет.

Previous Post

Шымкентте 10 кітапхана қайта жаңғырады

Next Post

Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы тағайындалды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі