basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттегі қалалық аурухана ең соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді

Наурыз 26, 2021
in Uncategorized
0
Шымкенттегі қалалық аурухана ең соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық №2 аурухана мегаполистегі көпсалалы медициналық қызмет көрсететін бірегей мекеме. Ауруханада өткен жылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, мамандар тұрғындарға жоғары медициналық қызмет көрсетуді бастады. Жаңа орталық пен бөлімшелер ашылып, заманауи құрал-жабдықтар және қондырғылармен қамтамасыз етілуде.

Соның бірі соңғы үлгідегі экспресс – класты бипланды Philips Azurion 7 В20/15 ангиографиялық аппараты мен өкпені жасанды желдету, цифрлы рентген сынды инсульт ауруын емдеуге қажетті аппараттар орнатылған.

–Жедел ми қан айналым бұзылысы – науқастар өлімі бойынша үшінші орын алса, халықтың мүгедек болып қалу қаупі бойынша бірінші орында. Инсульт алған үш науқастың біреуі қайтыс болады. Оның үстіне қазір инсульт жас таңдамайды.

Бұл аппараттың көмегімен адам ағзасындағы барлық мүшелердің тамырларына эндоваскулярлы (тамырішілік) оталар үлкен тіліксіз, теріні кішігірім тесу арқылы жасалады. Тіпті, кейде наркоздың да қажеті болмайды.

Ангиограф құрылғысы ірі артериялар ғана емес, ұсақ тамырларды көруге мүмкіндік береді. Сол себепті бас миы тамырларының патологиясы кезінде (инсульт пен т.б.) бауыр-бүйрек, қалқанша безі, кіші жамбас мүшелері және жүрек-тамыр аурулары кезінде кеңінен қолданылады.

Тағы бір артықшылығы – бас миы және мойын тамырларына операция жасау барысында болып жатқан құбылысты бір уақытта екі проекцияда көруге болады. Бұл дәрігерлерге операция кезінде жұмыстың сапасын бақылауға көмектеседі.

Инсульт алған науқасқа әрбір секунд қымбат. Мамандар үшін де әрбір секунд текке кетпеуі қажет. Осындай кезде ота үстелінде жатқан науқасты КТ аппаратына ары-бері тасымайды. Инсультке шалдыққан науқастарды операцияға дейін немесе кейін аппарат үстінде орнынан қозғамай мидың жағдайын анықтауға болады, – болады деді №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Сарсен Пернебеков.

 

Tags: 3 мегаполисмедицинашымкентқалалық аурухана
Previous Post

Шымкентте 7 мыңға жуық адамға вакцина салынды

Next Post

Шымкент : Ассамблея өкілдері мереке қарсаңында 12 отбасыға материалдық көмек көрсетті

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі