basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік жас мемлекеттік грант арқылы логопедиялық кабинет ашқан

Наурыз 31, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік жас мемлекеттік грант арқылы логопедиялық кабинет ашқан
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының тұрғыны Сана Мамырова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты бойынша қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізген.

Ол өткен жылы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, маусым айында 21 күндік «Бастау бизнес» оқу курсын оқып, сертификат алды. Кейіннен қайтарымсыз грантқа  «Логопед-дефектология кабинетін» ашу бойынша комиссияға бизнес-жоспарын ұсынып, өтінім білдірген.

Нәтижесінде Сананың жобасы мақұлданып, қыркүйек айында 200 АЕК көлемінде грант ұтып алды. Сол қаржыға Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Jak-med» медициналық орталықтың ішінен логопедиялық кабинет ашты.

Сана Ердәулетқызы медицина академиясын тәмамдаған дефектолог-логопед. Сонымен қатар,  Ресейдегі Екатеринбург қаласында мемлекеттік медициналық университетте «микрополяризация әдісі» бойынша білім алған жас маман.  Былтырдан бері қаладағы дефектологиялық кемшіліктері бар балаларға логопедиялық сабақ үйретуде.

Кәсібін одан әрі дамыту мақсатында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айына бір рет арнайы конкурс ұйымдастырып, жеңімпазға микрополяризация курсын, логопедиялық сабағын тегін ұсынып жүр.

Жалпы, аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өткен жылы Шымкент қаласында 7 722 адам жаппай кәсіпкерлікті дамыту шарасына қатысты. Оның ішінде 74 адам шағын несие алса, 4828 адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Ал, «Бастау бизнес» жобасы аясында 2820 адам қосымша білім алды.

Tags: 3 мегаполислогопедмемлекеттік грантшымкент
Previous Post

Шымкентте жылыту маусымы ұзартылды

Next Post

Шымкенттік полицей қыз – бокстан үш дүркін әлем чемпионы

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі