basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент: Оқушылар 4-тоқсанды аралас форматта оқиды

Наурыз 31, 2021
in Uncategorized
0
Шымкент: Оқушылар 4-тоқсанды аралас форматта оқиды
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектептерінде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы бала санын 25 адамнан асырмай, аралас форматта оқытылатын болады. 2020-2021 оқу жылының IV тоқсанында оқу процесін ұйымдастыру туралы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева баспасөз брифингінде мәлімдеді.

– Контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға,  білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады, – деді Жанат Арысбекқызы.

Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етіледі. Ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.

– Онлайн оқудың жалпы білім сапасына кері әсері болған соң  IV тоқсанды білім беру ұйымында жалғастырып отырмыз. Бұл тоқсандағы негізгі мақсат – жалпы пәндерді қайталау, жіберілген олқылықтарды толтыру, қосымша сабақтар арқылы білімін жетілдіру. Ол үшін маусым айында тағы бір ай қосымша үйірме сабақтарын ұйымдастыру туралы ұсынымызды Білім және ғылым министрлігіне жолдадық, – дейді Ж.Тәжиева.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы 186 мектепте 226 679 оқушы білім алуда. 136 жалпы білім беретін мектеп, 6 дарынды балаларға арналған мектеп (Дарын №1, Дарын №2, БИЛ №1, БИЛ №2, №8, №90), 4 кешкі мектеп, 5 арнайы мектеп-интернат, 35 жекеменшік мектеп бар. Сол 136 мектептің 14-інен вирус анықталып, екі апталық карантинге жабылды.

Tags: 3 мегаполисбілімЖанат Тәжиевакарантиншымкент
Previous Post

Шымкенттік полицей қыз – бокстан үш дүркін әлем чемпионы

Next Post

Шымкент: ҰБТ тапсыратын талапкерлерге төрт мүмкіндік беріліп отыр

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі