Қазақстанда кейінгі тәулікте 1663 адамнан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 356, Алматы қаласы – 526, Шымкент қаласы – 47. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 244 981.
Сонымен қатар, елімізде кейінгі тәулікте 1063 адам коронавирустан айығып шықты. Оның ішінде Шымкент қаласында айыққандар саны- 26.
Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда барлығы 560 орын бар, оның ішінде 270-ы бос, карантиндік стационарларда барлығы 500 орын, оның ішінде 500-і бос. Инфекциялық және карантиндік стационарларда 290 адам емделуде. Бүгінде қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты медицина мамандары карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Айта кетейік, Қазақстан аумағында ауруды жеңіп шыққандар саны – 219 094-ке жетті.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындарын санитарлық-эпидемологиялық талаптарды сақтауға шақырады.