basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік кәсіпорын жылына 1 млн астам шоколадты кәмпит өндіреді

Наурыз 31, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік кәсіпорын жылына 1 млн астам шоколадты кәмпит өндіреді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі еліміздегі ең дамушы компаниялардың бірі «NURTAU distribution company» ЖШС-ның жұмысымен танысты.

Аталған кәсіпорын «Тассай» индустриалды аймағында 1,2 гектар аумақта орналасқан. Шоколадты кәмпит және сағыз өндірумен айналысады. 60 жаңа жұмыс орнын құрып, 2019-2020 жылдары құрылысы жүргізіліп, биыл 100 % іске қосылып отыр.

Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,15 млн. дана шоколад кәмпитін, 1,8 млн. дана сағыз кәмпитін құрайды. Сондай-ақ, мекеменің Қазақстан Республикасының барлық қалаларында өкілдері, сауда командасы мен алаңдары бар.

Компанияның негізгі аудиториясы – балалар. Сондықтан «Орбит» емес, сағыз кәмпиттер сатылады. 12 түрлі ассортименті бар. Мысалы, алма, банан, таңқурай дәмімен ұсынылады. Бұл кәмпиттер мен сағыздар Шымкентте өндірілетін болғандықтан, шетелдік аналогтардан 10% арзан болады.

Өнімдер «MEXXI» атауымен шығарылады. Жергілікті базарлар мен барлық дүкендерден алуға болады. 70 пайызы ішкі нарықта, 30 пайызы экспортқа жөнелтіледі.

Шымкент қаласының әкімі жұмысшылармен тілдесіп, жағдайларымен танысты.

– Пандемия үлкенді-кішілі барлық кәсіпкерлік нысандарға өзінің әсерін тигізді. Бұл өзін-өзі дамытып отырған мекеменің бірегейі. Сондықтан бұдан әрі өнім түрлерін арттырып, мекемені кеңейту мақсатында барынша қолдау көрсететін боламыз. Өндірілген өнімдердің қаладағы сауда үйлерінде сатылуына жағдай жасау керек, – деп сала басшысына тапсырма берді.

Айта өту керек, мұндағы мамандардың кейбіреулері жаңа жабдықта жұмыс істеу үшін арнайы оқытудан өткен. Алдағы уақытта компания жүгеріден жасалған, карамель және таяқшадағы қатты кәмпиттер өндіретін желілерді іске қосуды көздеп отыр.

 

Tags: 3 мегаполискәсіпорыншоколадшымкент
Previous Post

Шымкентте «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңі өтуде

Next Post

Вирусты жұқтыру қаупіне қарамастан кәсіби міндетін табандылықпен атқарған дәрігер

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі