basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов: Шымкентті өз өнімімен қамтамасыз етуіміз қажет

Наурыз 31, 2021
in Жаңалықтар
0
Мұрат Әйтенов: Шымкентті өз өнімімен қамтамасыз етуіміз қажет
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін кәсіпкерлік нысандарын аралау барысында «қаланы өз өнімімен толықтай қамтамасыз етуіміз керек» деді.

«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындардың бірі – «КАЗТЕХНИКАС» ЖШС-ы. Мұнда жарықдиодты шамдар өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1,5 гектар жер бөлінген.

Құны 500 миллион теңгені құрайтын бұл жоба 2020 жылы бастау алып, биыл іске қосылды. Қазір мекемеде 25 қала тұрғыны жұмыс жасайды.

Зауыт жылына 20 мың дана жарықдиодты шам өндіруге қауқарлы. Шамдардың сапасы өндірілгеннен кейін су ішінде 5 минут тұрады да, кейіннен іске қосу арқылы тексеріледі екен. Яғни суға төзімділігі анықталып барып, сатылымға шығарылады.

Сонымен қатар, мұнда темір сөрелер де жасалады екен.

– Шымкентте кәсібін бастаймын дегендерге мүмкіндік көп, қаншама мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды. Зауыт, фабрика ашам деп ниет білдіргендерді қолдауға әрдайым дайынбыз. Себебі қаланы өз өнімімен қамтамасыз етіп, отандық өнім ретінде шетелге де танытуымыз қажет. Осы арқылы тұрғындардың әл-ауқатын көтере аламыз. Мына диодты шамдарды қала көшелерінің барлығына, әсіресе тұрғындар көптеп жүретін саябақ, аллеяларға қою керек. Әрі жарық, әрі экономды болмақ. Осы орайда жергілікті құрылыс компанияларын бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді Мұрат Әйтенов.

Өндіріс орны алдағы уақытта мемлекеттік қолдау арқылы өнім көлемін ұлғайтып, экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

Tags: 3 мегаполис«Бизнестің жол картасы -2020»Мұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Вирусты жұқтыру қаупіне қарамастан кәсіби міндетін табандылықпен атқарған дәрігер

Next Post

Шымкент әкімі дизельді генератор өндіретін зауыт жұмысымен танысты

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі