basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Театр табыстырған өнерлі жұп

Сәуір 1, 2021
in Uncategorized
0
Театр табыстырған өнерлі жұп
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде елімізде өнер саласында да өмірде де қол ұстасып қатар келе жатқан бір отбасында тұратын өнерлі жұптар көптеп кездеседі. Театр табыстырған өнерлі жұптардың бірі –  Руслан Нұрманов пен Жәудір Сарыпбекова.  Олар қазіргі таңда Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында еңбек етеді.

Руслан Нұрман 1983 жылы ОҚО Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келсе, жары Жәудір Балтабайқызы 1987 жылы ОҚО, Арыс қаласында тулылған. Қос актер де өнер саласы бойынша жоғарғы білім алған. Руслан 2007 жылдан, ал Жәудір 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында артист қызметін абыроймен атқарып жүр.

Театр табалдырығын аттағалы өнерлі жұп 30-дан астам рөлдерді сомдап, бүгінде көзі карақты көрерменнің сүйікті тұлғаларына айналып үлгерген. Отбасылық өмірде  үш перзенттерін аялап өсіріп келеді.

Қажырлы еңбегінің арқасында театрдың жоғарғы дәрежелі актер санатына өткен Руслан Нұрман тек театр саласында ғана емес сонымен қатар отандық бірнеше киноларда да өзіндік образ қалыптастырған танымал актер. Жұбайы Сарыпбекова Жәудір екеуі көптеген толық метражды, қысқа метражды, телесериалдар, әлеуметтік тәрбиелік бейне түсірілімдер арқылы көпшілік көрерменнің көңілінен шығып, театрдың мақтанышына айналып үлгерген.

Құрметті театр сүйер көпшілік! Әңгімеге арқау болған отбасылық жұп, талантты театр әртістері Руслан мен Жәудірдің сахналық образдарын тамашалағыңыз келсе киелі қазақ театрының қойылымдарын назарда ұстаңыздар. Нағыз өнерді сахнадан көріңіз!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 3 мегаполистеатршымкентөнерлі жұп
Previous Post

ШЫМКЕНТСКИЙ ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ-АКАДЕМИЯ "ОҢТҮСТІК" СТАЛ БРОНЗОВЫМ ПРИЗЕРОМ РЕСПУБЛИКАНСКОГО ТУРНИРА "АРМАН"

Next Post

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына жаңа әкім тағайындалды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі