basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкент әкімі №137 орта мектептің жағдайымен танысты

Сәуір 2, 2021
in Uncategorized
0
Шымкент әкімі №137 орта мектептің жағдайымен танысты
0
SHARES
27
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов және Бахадыр Нарымбетов бастаған қалалық мәслихат депутаттары 137 орта мектептің жай-күйімен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Самал-3 шағын ауданында орналасқан білім ордасы 1200 орынға лайықталған. Құрылысы 2018 жылдың соңында басталған болатын. Бас мердігер – «Атамекен корпарациясы» ЖШС-ы.  Білім ошағы арнайы ұлдар және қыздарға арналған шеберханамен,  STEM кабинеті, спортзал, асханамен қамтылған.

Қала әкімі сыныптарды аралап, «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» атты кітап көрмесімен танысты. Сонымен бірге, шахмат ойнаушыларды тамашалап, спорт секцияларына да ат басын бұрды.

– Балалардың денсаулығын нығайтуды, бұқаралық спортты дамытуды қолға алу қажет. Ол үшін оқушыларды спорт үйірмелеріне көптеп тарту маңызды. Заманауи мектептерде білім алған балалар біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Білім сапасымен қатар балалар қауіпсіздігі назардан тыс қалмасын, -деген шаһар басшысы аралау соңында мектептегі естелік кітапқа жазба қалдырды.

Tags: 137 мектеп3 мегаполисбілімЖанат ТәжиеваМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Пандемия : Шымкент сары аймаққа енді

Next Post

Шымкентте оқушылар ІV-тоқсанды аралас форматта оқиды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі