basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Заң

Шымкент : Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Сәуір 5, 2021
in Заң
0
Шымкент : Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
0
SHARES
51
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, қала әкімінің орынбасарлары және басқарма басшылары қатысты.

Мұрат Дүйсенбекұлы Мемлекет басшысының осы бағыттағы жұмысты күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басым бағыттарына тоқталды. Барлық мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру және оларды алу кезінде кедергілерді, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою қажеттігін атап өтті. Бұл орайда ішкі талдау институтын қалыптастыру, барлық салада автоматтандыру жүйелерін енгізудің маңызы зор.

Агенттік өкілі Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылдықтарға назар аударды.

– Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында негізгі басымдық алдын алуға бағытталып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюдың тиімді құралдары бар. Бұл – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты. Оны мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізуі тиіс. 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап әкімшілік заңнамаға түзетулер күшіне енді. Шымкентте азаматтық қоғам өкілдері белсенді. Ішкі талдау жұмыстарына қоғам өкілдерін көптеп қатыстыру керек,  – деді Жазира Жақсылыққызы.

Жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел жемқорлықпен күресте сананы өзгертудің маңыздылығын, бұл бағыттағы жұмыстарға жұдырықтай жұмыла күресу керектігін айтты.

Жиында қалалық басқармалар тарапынан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар баяндалды.

Қала әкімі М. Әйтенов әкімдіктің барлық басқармаларында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Tags: 3 мегаполисМұрат Әйтеновсыбайлас жемқорлықшымкент
Previous Post

Шымкентте мектеп түлектерін аттестаттау 28 мамырда басталады

Next Post

Шымкентте аутизмі бар балаларды оңалтуға арналған орталық тегін ем жүргізеді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі