basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте зейнетақы мен жәрдемақыны 280 мыңға жуық адам алады

Сәуір 6, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте зейнетақы мен жәрдемақыны 280 мыңға жуық адам алады
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Үшінші мегаполисте биыл жүрек қан тамыр аурулары мен қатерлі ісік және көз аурулары көбейген. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жылдық есебінде айтылды.

Департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ержан Ермаханұлы зейнетақы мен жәрдемақылар және басқа да төлемдерді тағайындау бойынша 2020 жылы және биылғы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Бүгінде Шымкентте 80 мыңнан аса адам зейнетақы, 200 мыңға жуық адам әлеуметтік тағайындау бойынша жәрдемақы алады. 66837 зейнетақы мен жәрдемақы қайта қаралса, 51 өтініш кері қайтарылған. 3470 алушыға мемлекеттік кепілдік төлемінен бас тартылған. ХҚКО арқылы 41369 қызмет көрсетілген.

Сондай-ақ, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының МӘС мәселелер жөніндегі орынбасарының м.у.а Сырым Шонаев өткен жылдың күрделі болғанын айтты. Соның салдарынан кейбір адам уақытысында құжатын рәсімдеп үлгермеген.

-Биылға дейін 36694 мүгедек тіркелген. Оның 30339-ы ересек болса, 6335-і 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер. Айта кететін жайт, алдыңғы орында жүрек қан тамыр аурулары, екінші орында қатерлі ісік, үшінші орында көз аурулары көбейген. Ал 914 адам алғаш рет психикалық аурулар бойынша тізімге енген. Мұнан бөлек, мүгедектерге әзірленген оңалту бағдарламасы өзекті күйінде тұр. 36 мүгедек өзіне қажетті заттарды ала алмаған,-дейді ол.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ер азаматтар 63, әйелдер 60, 5 және одан көп баласы бар аналар 53 жасынан зейнеткерлікке шығу жасы болып белгіленген.

 

Tags: 3 мегаполисжәрдемақызейнетақышымкент
Previous Post

Шымкенттегі көрме орталығында 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған

Next Post

Шымкент: Кәсіпкерлер үшін қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі