basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын 31 % -ға ұлғайту жоспарлануда

Сәуір 6, 2021
in Спорт
0
Бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын 31 % -ға ұлғайту жоспарлануда
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының 2021 жылы 3 айда атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады. Басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Тұманбаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен жетістіктер және басты индикаторларды баяндады.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, шаһарда денешынықтыру және спортты дамытуды іске асырудың негізгі бағыттары –  бұқаралық спортты, спорттық инфрақұрылым дамыту, жоғары спорт шеберлігі және спорт резервін дайындау.

Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес, халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартуды 35%-ға дейін жеткізу көзделген.

Шымкент қаласында бүгінде 31 мемлекеттік меншіктегі мекемелер және мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс істейді. Шаһарда бұқаралық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылуда.

2021 жылдың 3 айында қалада дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 324 690 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санының 30,6 %-ын құрады. 2021 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар көрсеткішін 31 % -ға ұлғайту жоспарлануда (2021 жылы 10 110 адам арттыру қажет).

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында қаладағы мектептер арасында спорт түрлерінен (футбол, волейбол, баскетбол, шахмат) «Шымкент жастар лигасы» өткізілуде. Жобаға қатысу үшін 4 спорт түрі бойынша 140 мектептен өтініш түсіп, 1-наурыз күні жарыстар бастау алды. Футбол, волейбол, баскетбол спорт түрлерінен жарыстар наурыз-мамыр аралығында өтеді. Ал қыркүйек айында шахматтан сайыс ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, биыл жоғары оқу орындары мен арнайы орта оқу орындары, мектеп оқушылары арасында Спартакиада, жасөспірімдер командалары арасында футболдан қала чемпионаты мен қыздар арасындағы футбол лигасын өткізу жоспарлануда.

Tags: 3 мегаполисБауыржан Тұманбаевбұқаралық спортшымкент
Previous Post

Шымкент: Кәсіпкерлер үшін қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау басталды

Next Post

Шымкенттік спортшылар ел чемпионаттарынан 346 медаль жеңіп алды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі