basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент гарнизонында әскери техниканың жазға дайындығы тексерілді

Сәуір 7, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент гарнизонында әскери техниканың жазға дайындығы тексерілді
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қару-жарақ пен әскери техниканы жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жоспарына сәйкес жұмыстарын жүргізуде.

Техниканы ауыстыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіледі. Мамандар жанар-жағармай материалдары мен материалдық құралдардың техника саны бойынша есебін жүргізеді, құжаттарды әзірлеуге және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Сондай-ақ, әскери қызметшілер жауынгерлік машиналардың әрбір паркінің аумағында тәртіп орнатады, сақтау орындары мен парк үй-жайларына ағымдағы жөндеу жүргізеді.

– Жеке құраммен жұмыс орындарын жабдықтау тәртібі, қару-жарақ пен әскери техника үлгілеріндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарын зерделеу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді. Оларды әскери техниканы пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі басшылық құжаттармен таныстырды, – деп түсіндірді 35748 әскери бөлімі командирінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары-бөлім бастығы подполковник Рахматұлла Тасполтаев.

Жанар-жағармай материалдарының барлық түрлері, құрал-саймандар мен қажетті қосалқы бөлшектер алдын ала алынады. Жоспарлы қызмет көрсету шеңберінде техниканың әрбір бірлігінде техникалық жұмыстардың 20-ға дейін түрі жүргізіледі. Әрбір машинаның тораптары мен агрегаттары, электр жабдығы тексеріледі, сүзгілер жуылады, жанар-жағармай материалдары ауыстырылады.

Жұмыстардың сапалы орындалуына, қауіпсіздік шаралары мен өртке қарсы қорғаныстың сақталуына ерекше көңіл бөлінеді. Қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау жөніндегі жұмыстар қару-жарақтың, әскери техника мен парктің әзірлігін тексеру мен қорытынды акті жасау арқылы аяқталады.

 

Tags: 3 мегаполисшымкентШымкент гарнизоныәскери техника
Previous Post

Шымкент : Айналма жол көлік кептелісін азайтады

Next Post

Шымкенттік боксшы олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі