basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкентте оң шешілген мәселе көп

Сәуір 7, 2021
in Билік
0
Шымкентте оң шешілген мәселе көп
0
SHARES
34
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен партия филиалы тарапынан бақылауға алынып, оңтайлы шешілген мәселелер, сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстарын қортындылау бойынша   іс-шара өтті.

Жиында қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева оң шешілген мәселелер бойынша баяндама оқыды. Баяндамаға сәйкес,  2020 жылы партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 25242 өтініш түскен. Оның: 70-ке жуық пайызы оң шешімін тауып, қалғаны бойынша заңға сәйкес түсінік берілген. Атап айтар болсақ, «Birgemiz» қоры арқылы қаржылай және азық-түлік себеттерімен 13000-ға жуық азамат көмек алған. Тағы 3000-дай адамға демеушілер есебінен әлеуметтік, қаржылай, материалдық көмектер көрсетілгені айтылды.

Кездесуде одан әрі,Водопьянов көшесі №1 а үй, «Таскен», «Азат» тұрғын алабтары тұрғындарының оң шешілген мәселелер бойынша ұсыныс пікірлері тыңдалды.

Ал,  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Қоғамдық кеңесінің төрағасы Тасқынбай Бүрлібаев кеңестің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары бойынша, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Дария Қожамжарова комиссияның 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстары жайында баяндама оқыды.

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов партиялық бақылау комиссиясының атқарған жұмыстары көп екенін, бірақ мониторинг жұмыстарын әлі де  күшейту қажет екенін айтып, қалалық партия филиалына бірқатар  тапсырмаларды жүктеді.

Сондай-ақ, жиында  қаладағы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі өз мерзімінде жүргізген мекеме басшыларына  қала әкімі Мұрат Әйтенов атынан алғыс хаттар табысталды. Әкім алғыс хатын «Отау Строй» ЖШС-нің президенті  Қайрат Молдасейтов, «Арт Құрылыс» ЖШС-нің директоры Ануар Төлендиев, «Ақ Ордасы» ЖШС-нің директоры Сайдулла Қалыбековтер алды.  Айта кетейік мұндай мазмұндағы  алғыс хаттар Шымкен қаласы әкімі атынан алғаш рет табысталуда.

Сөз соңында әкім: «Біздің басты мақсатымыз – халықтың тұрмысын жақсарту және елдігімізді нығайта беру. Ел болып біріге білсек, алынбайтын асу жоқ. Басымызға түскен қиындықтарды біз әрдайым бірге еңсеріп, жетістіктерге бірлесе жетеміз», – деп қортындылады.

Tags: 3 мегаполис«Nur Otan» партиясыЖанар БектаеваМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте көпбалалы отбасыларға 378 пәтер беріледі

Next Post

Жаңа заман сұранысынан жазылған туынды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі