basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шымкент жастар лигасы» аясында ел құрамасына команда жасақталады

Сәуір 8, 2021
in Жаңалықтар
0
«Шымкент жастар лигасы» аясында ел құрамасына команда жасақталады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл алғаш рет қала әкімінің кубогі үшін спорттық сайыс ұйымдастырылуда. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында мектеп оқушылары спорттың төрт түрінен, яғни волейбол, баскетбол, футбол және шахматтан сайысқа түседі. 80 миллион теңге қаржылай сыйлықты жарысқа қатысатын 536 команда арасында сарапқа салынбақ.

Наурыз айында басталған біріншілікке қатысуға жалпы саны 9 мыңға жуық оқушы ниет білдірген. Командалардың жұмысын үйлестіру үшін 420 денешынықтыру маманы жұмылдырылған. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Шымкент жастар лигасы» Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Осылайша мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына баули отырып, ҚР чемпионаттарына команда жасақтау көзделіп отыр.

І кезең жалпы білім беру мекемелерінің арасында 1 наурыз бен 1 маусым аралығында футбол, волейбол, баскетбол сынды спорттың үш түрі бойынша ұйымдастырылуда. Ал шахматтан қыркүйек-қараша айлары аралығында өтеді. Бүгінде баскетбол спорттық ойынында 58 команда бақ сынасып, төрт мектеп, ал, волейболдан 64 команда жарысып, 4 команда ширек финалға жолдама алды. Футболдан «БИІК» және «Ордабасы» футбол орталығында 21 команда бақ сынасуда.

 

Previous Post

Шымкентте тұрғын үйді алу тәртібі түсіндірілді

Next Post

Жұмысынан айырылуға байланысты жәрдемақыны қалай алуға болады?

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі