basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

М.Әйтенов: Халыққа вакцина егудің маңыздылығын қарқынды насихаттау керек

Сәуір 9, 2021
in Uncategorized
0
М.Әйтенов: Халыққа вакцина егудің маңыздылығын қарқынды насихаттау керек
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында пандемияға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысында COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың нәтижелері, вакциналау, тағы басқа мәселелер талқыға түсті.

Қазіргі таңда әлемде эпидемиологиялық ахуал күрделі. Елімізде де «қызыл аймаққа» кірген өңірлердің қатары артуда. Шымкент қаласы Павлодар, Қызылорда, СҚО және Маңғыстау облыстарымен бірге «сары аймақта» тұр.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда эпидемиологиялық  жағдайдың күрделене түскенін айтып, тұрғындар арасында бетперде режимін сақтау, коронавируспен күресте вакциналаудың маңызды екенін айтты.

– Індетті жеңудің жолы – вакциналау. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, екпе егу жұмыстарын қарқынды жалғастыру қажет. Вакциналаудың маңыздылығы бойынша насихат жұмыстарын күшейту керек. Екпе егілген азаматтардың жағдайын біліп, солардың пікірін беріп отырайық. Сонымен қатар, вакциналау іс-шараларын насихаттауға бас дәрігерлердің де қатысуын қолға алыңыздар. Қалада індет жұқтырғандар саны күн сайын артып отыр. Бұл қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы коронавирусқа қарсы вакцинацияны қабылдау, – деді қала әкімі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Позиловтың айтуынша, бүгінде Шымкент қаласында жалпы коронавирусқа қарсы екпенің 1-ші компоненті 13 087 адамға адамға, екінші компоненті 5307 адамға егілген. Биыл жыл басынан бері 1872 адам ковид инфекциясын жұқтырған. 21 адам қайтыс болды.

– Шымкентте 7 сәуірден бастап барлық санаттағы адамдарға екпе салынып жатыр. Қалаға 30 мың доза вакцина келді. Екпе егу сенбі, жексенбі күндері де, таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жүргізіледі. Әзірге 37 бекет жеткілікті. Бекеттің ішінен тағы қосымша бөлімдер ашып жатырмыз,  – деді басқарма басшысы.

Tags: 3 мегаполисвакцинаМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентке вакцинаның 30 мың дозасы жеткізілді

Next Post

Шымкент: Сауда орталықтарында «Тұтынушы бұрышы» ашылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі