basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент бірқатар салалар бойынша алда келеді

Сәуір 12, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент бірқатар салалар бойынша алда келеді
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін онлайн өткен Үкімет отырысында 2021 жылдың I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері баяндалды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарған.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, Шымкент қаласының ауылшаруашылығы, инвестиция тарту, құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері бойынша қарқынды өсу байқалады.

– Көптеген өңірлерде жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Өнеркәсіп нысандарын салу мен өндіріс құрылғыларын дамыту іс-шаралары есебінен Шымкент қаласында өсу байқалады. Бұл бағытта Шымкент қаласы екінші орында келеді. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 45,8 пайызға өскен.

Биыл қаңтар-наурыз айында тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ең үздік көрсеткіш (5,9 пайыз) Шымкент қаласында байқалды, – деді Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы секторы бойынша да Шымкент қаласы екінші орында (5,5 пайыз) келеді.

Жиында өңірлер бойынша қаңтар-наурыз айындағы негізгі көрсеткіштер жария етілді. Бес көрсеткіш бойынша алты өңір оң нәтижелерге қол жеткізген. Олар – Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облысы және Шымкент қаласы.

Tags: 3 мегаполисАуыл шаруашылығыинвестициятұрғын үйшымкент
Previous Post

Шымкентте 100-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болады

Next Post

Шымкент : Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жіті бақылауда

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі