basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Nur Otan» : Шымкентте қоғамдық кеңестердің қызметі жанданады

Сәуір 15, 2021
in Жаңалықтар
0
«Nur Otan» : Шымкентте қоғамдық кеңестердің қызметі жанданады
0
SHARES
31
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Nur Otan» партиясы жанындағы 10 қоғамдық кеңес партияның сайлауалды бағдарламаларының орындалу мониторингін қамтамасыз етеді.

Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен қалалық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысында мәлім болды.

Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan»-ның 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленген.

Жылдарға және нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды.

Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 13 республикалық қоғамдық кеңес құрылды.

Осыған сәйкес Шымкентте қалалық партия филиалы жанынан қазіргі кезде аталған кеңестердің қалалық құрамы жасақталды. Олардың құрамына партия депутаттары мен белсенді мүшелерінен бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, жалпы қоғамдық пікір көшбасшылары және басқа да азаматтар кірді.

 

Tags: 3 мегаполис«Nur Otan» партиясыМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте 34 862 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Next Post

Шымкент әкімі тұрғындарды онлайн қабылдады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі