basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Бастау бизнес» жобасына 19 сәуірде өтініштер қабылданады

Сәуір 16, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Бастау бизнес» жобасына 19 сәуірде өтініштер қабылданады
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ-бағыты шеңберінде «Бастау бизнес» оқу курстарына жолдама береді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтарға жолдама беру онлайн форматта жүзеге асырылады. Орталық тарапынан үміткерлердің мәртебесі жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға  1900 азаматқа жолдама беріледі. Азаматтар өтінім беру мерзіміне қарай бекітілген оқу кестесіне сәйкес оқуға жолданады.

Үмікерлердің құжаттары (жеке басын куәландыратын құжаты, өтініші)  Telegram желісіндегі @BastaubusinessBot мекенжайына 19 сәуір  күні 09.00-ден 1900 азаматтан өтінім түскенге дейін қабылданады.

Оқыту курстарына төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:

жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елдімекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар;

ҚР Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары болып табылады, оның ішінде:

✔️- ауылдық елдімекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

✔️- мүмкіндігі шектеулі жандар, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе, не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

✔️- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

✔️- жастар, сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

✔️- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

✔️- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

✔️- қоныс аударушылар және оралмандар.

Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама аясында оқуды бітірген қатысушыларға сертификат беріледі.

Сонымен қатар, үміткер өз бетінше жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және Халықты жұмыспен қамту орталығынан алған жолдамасын https://atameken.co/ru/course-bastau сілтемесіне жүктеу арқылы онлайн-өтінімді тапсыра алады.

Tags: 3 мегаполис«Бастау Бизнес»Еңбекжұмыспен қамтушымкент
Previous Post

COVID-19: Шымкентте бір тәулікте 7112 адам вакцина салдырды

Next Post

Шымкент :168 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі