Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының осы жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарының есебін тыңдады.
Есепті жиында басқарма басшысы Б.Булатбеков қаланы инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағыты бойынша 85 жоба жүзеге асырылатынын атап өтті. Оған республикалық және жергілікті бюджеттен 48,6 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Мәселен, қала тұрғындарын ауыз сумен қамту бойынша 14 нысан, кәріз бойынша 19 нысан, сапалы электр қуатымен қамту бойынша 19 нысан, табиғи газ бойынша 9 нысан және жылу бойынша 3 нысан, инженерлік инфрақұрылым бойынша 21 нысан сынды тағы басқа нысандар құрылысы жүргізіледі.
Басқарма басшысының айтуынша, бірінші тоқсанға жоспарланған 6,1 млрд. теңге 100 пайыз игерілген.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі