basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Мұрат Әйтенов: Бұқаралық спортты дамытуда – жастар лигасының маңызы зор

Сәуір 17, 2021
in Спорт
0
Мұрат Әйтенов: Бұқаралық спортты дамытуда – жастар лигасының маңызы зор
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қалалық білім басқармасының басшысы «Шымкент Жастар Лигасы» жарысының өтілу барысы жөнінде баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында осы жылдың наурыз-маусым айлары аралығында «Шымкент Жастар Лигасы» жарыстары спорттың 4 түрінен (футбол, волейбол, баскетбол, шахмат) өткізілуде.

Әр ауданға қарасты мектептер төрт топқа бөлініп, наурыз-мамыр айларында өзара сынасып, топ жеңімпаздарын анықтайды. Аудандардағы ойындардан соң өз тобынан жеңімпаз болып шыққан 16 мектептің командалары мамыр айында1/8 финалда ойындарды жалғастырады. Баскетбол, волейбол, футбол жарыстарының жеңімпаздары маусым айында Қала күні мерекесінде марапатталады.

Ал шахмат жарысы қыркүйек айында бастау алады. Сонымен бірге, өз мектебінің командасына жігер беріп, рухын көтеру мақсатында мектеп жанынан фан-клубтар құрылды.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби ауданында волейбол және футбол жарыстары, Еңбекші ауданында баскетбол жарыстары өтуде.

10 сәуірге дейін футболдан 27 мектеп командасы өзара ойнады, 108 мектеп командалары ойынды енді бастайды. Баскетболдан  94 команда ойын өткізді, 36 мектеп командасы енді ойнайды. Волейболдан 96 команда ойын өткізді, 35 команда енді бастайды. Шахматтан 140 мектеп командасы қыркүйек айында жарысты бастайды.

– Пандемия денсаулық қадірін ұғындырды. Перезидент тапсырмасына сәйкес қалада бұқаралық спортты дамытуымыз керек. Бұл мақсатта қолға алынған Жастар Лигасының маңызы зор. Жастар арасында спортты дәріптеуді одан әрі жетілдіре түсу қажет,- деді қала басшысы.

Tags: 3 мегаполисжастарМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 пайызға артты

Next Post

Шымкентте биыл 21 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі