basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Билік

Шымкент : Инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті

Сәуір 19, 2021
in Билік
0
Шымкент : Инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Онлайн режимде ұйымдастырылған жиында қазіргі инвестициялық ахуал, алдағы даму жоспарлары, шешілмеген түйінді мәселелер талқыланды.

Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков 2021 жылға арналған жеке инвестициялық жобалардың орындалу барысын баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, биыл 157,0 млрд теңгеге 47 жоба (2,5 мың жұмыс орны) жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қайта өңдеу өнеркәсібі – 20, ауылшаруашылығы – 2, сауда – 6, білім – 6, тұрғын үй құрылысы – 7, көлік – 1 жоба. Бұның бәрі де  биыл іске қосылады деп күтілуде. Мәселен, бүгінде әлеуетті «SHYMKENT CHEMICAL COMPANY» ЖШС-нің метил трет-этил буфері өндірісінің 95 пайызы аяқталған.

Штаб отырысында «Шымкент» ӘКК» АҚ тарапынан тұрғын үй, әлеуметтік, сауда нысандары бойынша атқарылатын инвест жобалардың шешілмей жатқан мәселелері талқыға түсті. Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару, инфрақұрылым жеткізу бойынша бірқатар кедергілер бары айтылды. Сонымен қатар, медицина, тұрғын үй құрылысы бағытында инвесторлар жаңа  жобаларын ұсынып, бірқатар мәселелерден хабардар етті.

Жиында цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов телекоммуникация желілерін тарту, интернетпен қамту бағытындағы инвест жобалардың барысын баяндады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов инвестиция тарту жұмыстарын әлі де жандандыру қажет екенін алға тартты. Бұл мақсатта барлық жағдай жасалған.

– Қазіргі таңда «Жұлдыз» индустриалды аймағын ашып жатырмыз. Инфрақұрылымды жеткізу бойынша қаражат бар. Инфрақұрылымын толық жеткізіп береміз. Енді бізге әлеуетті, ноу-хау жобалар керек. Келесі аптада 2022-2023 жылға бағытталған жобаларды да баяндамаға қосыңыздар. Қазірден бастап келесі жылдарға дайындық жүргізілсін. Жоспар бойынша 2022 жылы 540, 2023 жылы 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартуымыз керек, – деді қала әкімі.

Жиын соңында аудан әкімдеріне бұл бағытта бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Tags: 3 мегаполисБахадыр НарымбетовМұрат Әйтеновшымкент
Previous Post

Шымкент : Жолаушылар терминалының бірінші кезеңі толығымен аяқталды

Next Post

Шымкентте өткен тәулікте 2756 адамға вакцина салынды

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі